Ақсу қара металлургия колледжінде бүгін өндірістік оқыту шеберлерінің «Кәсіптер шеруі» атты онкүндігі басталды. Өндірістік оқыту шебері Махмут М ТТОРк-3320 тобында «Машинаның құрылымы» пәнінен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ тақырыбы: «Автомобильдердің жалпы құрылысы». Сабақтың мақсаты: Автомобильдің жалпы құрылысымен студенттерді таныстыру және маңызын түсіндіру . Сабақ барысында оқытушы автомобильдің жалпы құрылысымен таныстыра отырып, оқушылардың өздігінен сөйлеуіне, бөлшектерді талдауына мүмкіншілік берді.Сабақ жоспарлы түрде жасалған, әр түрлі әдістер мен оқу қызметін ұйымдастырудың түрлі формалары қолданылды. Мухамеджан Әзімжанұлына әріптестері қызықты сабақ үшін алғысын білдіріп, әрі қарай кәсіби дамуын тіледі.