#Repost@aqjol_gazeti with @make_repost
・・・
Өнеркәсіп
Өте сақтықты қажет етеді
Ақсу –өндірісті қала. Олай дейтініміз, жас шаһарымызда орналасқан екі ірі кәсіпорын — Ақсу ферроқорытпа зауыты мен «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ халықтың тең жартысын жұмыспен қамтып отыр.
Солардың қатарында жас та болса, жігерлі, озық ойлы жастың бірі – Айдын Ерғазы да бар. Ол өзінің алғашқы еңбек жолын Ақсу ферроқорытпа зауытынан бастады.
— Бұл мамандыққа деген қызығушылығым әкемнен дарыды. Бала кезімде әкемнің жанында жүріп, үйренгенім көп болды. Көбіне ол электр аспаптары мен тұрмыстық техниканы жөндейтін. Кейінірек маған көліктің электр схемасын түсіндіре бастады. Сондықтан болашақ мамандықты таңдау мен үшін оңай болды. Осылайша, мен электромонтер болдым, — деді ол.
Толығырақ газетіміздің ертеңгі санында
✍Амангүл ТІЛЕЙ.