Menu Close

«Мақатаев оқулары»

Мамыр айында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен Республикалық «Мақатаев оқулары» атты байқауға біздің колледждің 1 курс студенттері қатысты. ТМ-1420 тобының студенті Жанай Фарида ақынның «Шыда, шыда» өлеңін және ТЖДк-1820 тобының студенті Болат Оралхан «Досым саған сенемін» өлеңін мәнерлеп оқыды. Нәтижесінде, «Жас өркен» шығармашылық дамыту орталығынан белсенділік танытқаны үшін студенттерге Диплом және студенттерге жетекшілік еткен қазақ тілі оқытушысы Д.А. Айдархановаға Алғыс хат берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *