Бүгін, 18 қыркүйекте, ERG кәсіпорындарындағы Ашық есік күні аясында Ақсу қара металлургия колледжінің 40 бірінші курс студенті Ақсу ферроқорытпа зауынына барды.
Бірінші курс студенттері үшін бұл нағыз өнеркәсіптік өндіріспен алғашқы танысу болды. Жастар өндірістік цехтарды аралап, жабдықтардың жұмысын көріп, жақын арада олардың кәсіби жолының бір бөлігіне айналатын мамандықтар туралы кеңірек ақпарат алды.
Ерекше қызығушылық тудырған нысандардың бірі — ERG мамандарды даярлау және біліктілікті арттыру орталығы болды. Студенттер сұранысқа ие бағыттар бойынша мамандарды даярлау үдерісімен танысты. Атап айтқанда, дәнекерлеу ісі, кран шаруашылығы және металлургия бағыттарына ерекше назар аударылды.
Осындай кездесулер студенттерге таңдаған мамандығын тереңірек түсінуге, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін көруге және білім мен болашақ еңбек қызметінің арасындағы байланысты сезінуге мүмкіндік береді.
✨ Бүгін олар – студенттер, ал ертең олардың арасынан қаламыз бен өңіріміздің өнеркәсібін дамытуға үлес қосатын білікті мамандар шығуы мүмкін.
@erg_corporate_university
@aksuzavod
Колледжден – нақты өндіріске