Бүгін “Ақсу қара металлургия колледжі” ШЖҚ КМК базасында “Токарлық іс және металл өңдеу” мамандығы бойынша “Жас маман”оқу орталығының ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Ақсу қаласының әкімі – Нұржан Кемерович Әшімбетов, Павлодар облысы Білім басқармасының басшысы – Дінислам Болатханұлы, ТҰК «Қазхром» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры – Сергей Леонидович Прокопьев, Ақсу қаласы Білім бөлімінің басшысы – Кайрат Темиржанович Смагулов.
“Жас маман” жобасының негізгі мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады. Оқу ұйымдарын республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды даярлау үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру.
Осы жоба шеңберінде колледж Сандық бағдарламамен басқарылатын заманауи супер станоктарды сатып алды. Металл дайындау цехы жаңғыртылды.