Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері Ф.А. Блинов атындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Онлайн-режимде өткен кездесу ғылыми-техникалық және зерттеушілік қызмет арқылы оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін дамытуға бағытталды.
АҚМК атынан тоғыз білім алушы сынға түсіп, түрлі секцияларда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін дәлелдеді. Жеті студент түрлі дәрежедегі дипломдарға ие болды: Н. Төлеубай мен М. Сысоев – ІІІ дәрежелі, В. Русинова, Е. Суховей, А. Баязитова, А. Ниценко, А. Нұрыбай – түрлі номинациялардағы дипломдарға ие болды. Тағы екі білім алушы – Л. Головянко мен Д. Таңат халықаралық маңызы бар сертификаттарға қол жеткізді.
Студенттерді дайындаған ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында Р. Б. Жандилова, М. В. Козярская, Л. К. Баталлова, А. Е. Әубәкірова мен Б. Қуаныш бар. Студенттер мен оқытушыларымызға ары қарай да табысқа жете берулерін тілейміз!
_____________________________________
Студенты Аксуского колледжа черной металлургии стали участниками международной научно-практический конференции им. Ф. А. Блинова. Встречу, прошедшую в онлайн-режиме, посвятили развитию познавательной активности учащихся и студентов через научно-техническую и исследовательскую деятельность.
От имени АКЧМ выступили девять учащихся, которые показали хорошую подготовку, теоретические и практические знания в разных секциях. Семь студентов заслужили различные дипломы: Н. Толеубай и М. Сысоев – дипломы III степени, В. Русинова, Е. Суховей, А. Баязитова, А. Ниценко, А. Нурубай – диплом в разных номинациях. Еще двое учащихся – Л. Головянко и Д. Танат – получили сертификаты международного значения.
Научные руководители, подготовившие студентов, были отмечены благодарственными письмами: Р. Б. Жандилова, М. В. Козярская, Л. К. Баталлова, А. Е. Аубакирова и Б. Хуанш. Желаем дальнейших успехов нашим студентам и преподавателям!