Menu Close

ERG күні

Бүгін барлық өңірде Еуразиялық топ қатысқан ERG күні өтті.
Ақсу ферроқорытпа зауытынмен Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері байланыста. Барлығы 170 қатысушы. Биылғы жылы онлайн форматта өткен кездесу өте қызықты және өте мазмұнды болды.
Кәсіпорынның HR-бизнес серіктесі Наталья Габибова бүгінде жас мамандар үшін ашылатын перспективалар туралы айтып, топ кәсіпорындарындағы жұмыс – жастар үшін өз мансабын құрудың тамаша мүмкіндігі екенін атап өтті. Ең бастысы-белсенді болу және қиындықтан қорықпау.
Осы сөздерді растау үшін АФЗ директорының орынбасарлары Рүстем Бәкраденов пен Игорь Кулешов өз бағыттары туралы айтып, құнды кеңестерімен бөлісті.
Өз кезегінде студенттер мүмкіндікті пайдалана отырып, бірқатар сұрақтар қойды.
Кездесу жастар кеңесінің Зияткерлік викторинасымен аяқталды. Колледждің ең мұқият студенттері корпоративтік символикасы бар естелік сыйлықтарға ие болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *