Menu Close

“Үздік педагог-2021”

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығына сәйкес. “Үздік педагог “атағын беру қағидаларын бекіту туралы”Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.
2021 жыл 14 мамырда “Ақсу қара металлургия колледжі” ШЖҚ КМК барлық педагогикалық қызметкерлері арасында колледжішілік “Үздік педагог-2021″байқауы өткізілді.
Конкурстың мақсаты педагог кәсібі туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру, қоғамдағы ТжКБ жүйесінің басымдықтарын бекіту, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді қолдау және ынталандыру және беделін арттыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушылардың өтінімдері, сондай-ақ педагогикалық қызмет тәжірибесінің бағытын көрсететін портфолиосы қаралды. Нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Кумарбек Бахытнур, арнайы пәндер оқытушысы,
2 орын – Санжарова Наталья Александровна, өндірістік оқыту шебері,
3 орын – Рядных Ольга Викторовна, өндірістік оқыту шебері.
“Үздік педагог – 2021” байқауының облыстық кезеңіне Құмарбек Бақытнұр жолдама алды. Біз Бахытнұрға сәттілік тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *