Menu Close

«Образованная нация: стремление к знаниям, трудолюбие и патриотизм».

Ақсу қара металлургия колледжінің өкілдері «Білімді ұлт: білімге, еңбексүйгіштік пен патриоттыққа ұмтылыс» атты облыстық тамыз конференциясына қатысты. Панельдік сессия форматында өткен жиынға білім беру мекемесінің басшысы Қайыржан Кәрімов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жандос Исаев, әдіскер Маргарита Козярская және гуманитарлық циклдің циклдік әдістемелік комиссиясының жетекшісі Мәриям Ысқақова қатысты.

Конференцияда қазақстандық білім беру жүйесінің даму болашағы мен оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін енгізу мәселелері талқыланды. Жиынды Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов ашып, балалар мен жастар арасында кітап оқуды насихаттаудың маңыздылығын және эмоционалды оқытуға көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Әйгерім Күдеринова инклюзивті білім берудегі жаңа тәсілдер туралы айтты. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының жұмысы туралы «Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының» өкілі Нұрлан Қиясов баяндама жасады. Конференцияда «Айб» білім беру қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, журналист Александр Мурашев те сөз сөйледі.

Кездесу марапаттау рәсімімен аяқталды. Онда өткен оқу жылының қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен ұстаздар мен оқытушылар марапатталды.
***********************************
Представители Аксуского колледжа черной металлургии приняли участие в областной августовской конференции «Образованная нация: стремление к знаниям, трудолюбие и патриотизм». На встрече, которая прошла в формате панельной сессии, побывали руководитель учебного заведения Кайыржан Каримов, замруководителя по воспитательной работе Жандос Исаев, методист Маргарита Козярская и глава цикловой методической комиссии гуманитарного цикла Марьям Искакова.

На конференции обсудили перспективы развития казахстанской системы образования и внедрение новых технологий и методик обучения. Открыл встреч аким Павлодарской области Абылкаир Скаков, который отметил важность популяризации чтения среди детей и молодежи и необходимость уделять внимание эмоциональному обучению

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *