Menu Close

Қалалық жарыс

Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткен жыр мүшәйрасының жеңімпазы атанды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған қалалық байқау «Қайсар-KZ» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды АКЧМ студенті Дмитрий Головянко иеленді. Екінші және үшінші орындар да Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері – Александра Гавриченко мен Валерий Лебедке бұйырды. Жеңімпаздарды дайындағаны үшін оқу орнының әдіскері Маргарита Козярская алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/p/CjWzW8rI4BY/

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *