Menu Close

«Тілдер» қалалық олимпиадасы

Қалалық «Тілдарын» олимпиадасында Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері үздік шықты. Интеллектуалдық сайыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ақсу қаласының орталық кітапханасында өтті.

Олимпиадаға қатысушылар үш тілде мәтіннің мазмұнын ашу, мәтіннің ілеспе аудармасын орындау және берілген тақырып бойынша қазақ тілінде эссе жазу сияқты үш тапсырманы орындауы тиіс болды. Нәтижесінде жарыста Ерболат Рахметуллин бірінші, ал Нұрлыбек Төлеубай екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысқаны үшін Айя Нұрубай мен Аида Минтаева алғыс хаттармен марапатталды.

Балаларды дайындаған мұғалімдер Р.Жандилова, М.Искакова және А.Әубәкірова. Оқушылар мен олардың ұстаздарын құттықтаймыз!

https://www.instagram.com/p/Cl6RtXStO6G/

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *