Menu Close

«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмалары негізінде  ағымды жылдың мамырдың 4-і Ақсу қара металлургия колледжінде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өтті.

Диктантты жазу мақсаты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар, диктант жазушылардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтап, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі.

Диктант жазуға 25 адам ниеттерін білдірді. Соның ішінде 19 студент пен 6 оқытушы. Диктант белгіленген уақытта басталды. Ұстаздар да, студенттер де жақсы нәтиже көрсетті. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *