Menu Close

«Тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы»

Ақсу қара металлургия колледжінде «Тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты ақпараттық сағат өтті. Ұстаздар мен студенттердің ашық кездесуі қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды. Диалог алаңының қонағы – қалалық «Қазақ тілі» қоғамының хатшысы Гүлнар Елгонденова болды.

Алғашқы сөз 2 курс студенті Максим Сысоевқа берілді. Ол кездесуге қатысушыларға ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы білімдерін ойын түрінде айтып берді. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа» пьесасын 1-курс студенті Бейбіт Жиенханұлы орындады.

Гүлнәр Елгонденова жастардың қатысуымен өтетін мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, студенттердің Ахмет Байтұрсынұлы туралы біліміне тәнті болды. Ақпараттық сағатты ұйымдастырған гуманитарлық циклдің циклдік әдістемелік комиссиясының жетекшісі Мәриям Искаковаға, әдіскер Маргарита Козярскаяға және оқытушылар Сандуғаш Нұрашева, Айнагүл Әубәкірова және Бақытгүл Хуаншқа алғысымызды білдіреміз.

В Аксуском колледже черной металлургии прошел информационный час «Тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы». Открытую встречу преподавателей и студентов посвятили 150-летию великого казахского просветителя Ахмета Байтурсынова. Гостем диалоговой площадки стала секретарь городского общества «Қазақ тілі» Гульнар Елгонденова.

Первое слово предоставили студенту второго курса Максиму Сысоеву. В игровой форме он поделился с участниками встречи знаниями о биографии и творчестве поэта. Учащийся первого курса Бейбит Жиенханулы исполнил произведение Байтурсынова «Өгіз бен бақа».

Гульнар Елгонденова отметила важность таких встреч с участием молодежи и была впечатлена знаниями студентов об Ахмете Байтурсынове. Благодарим за организацию информационного часа руководителя цикловой методической комиссии гуманитарного цикла Марьям Искакову, методиста Маргариту Козярскую и преподавателей Сандугаш Нурашеву, Айнагуль Аубакирову и Бахытгуль Хуанш.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *